
Атырауда Volkswagen Polo мен «Газель» автокөліктерінің соқтығысып, екі адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың екеуі де жеңіл автокөлікте болған.
Апат 16 қараша күні сағат 03:30 шамасында Исатай Тайманов пен Ғаббас Берғалиев көшелерінің қиылысында орын алды. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті материалдарды жинақтап жатыр.

Бұған дейін апат алдында жеңіл көлік жүргізушісі полиция патрулінен қашпақ болған деген ақпарат тараған еді. Дегенмен полиция департаменті ресми хабарламасында бұл нұсқаны растаған да, теріске шығарған да жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4.5