
Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Yandex Go есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім аясында цифрлық платформаның мүмкіндіктері есірткі қылмыстарының алдын алу және азаматтардың есірткі бизнесіне тартылуына жол бермеу үшін пайдаланылмақ. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Сервис пайдаланушыларына push-хабарламалар, профилактикалық бейнероликтер және қосымшадағы ақпараттық материалдар арқылы есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат беріледі. Құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуы мүмкін жүргізушілер мен курьерлерге ерекше назар аудару жоспарланып отыр.
ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы тиімді күрес мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі жастарды есірткі бизнесіне тартылудан қорғау болмақ.
В Атырау +0.8