
27 қараша таңертең Атырауда BilimClass электронды мектеп журналына кіру қиындап, жүйеде іркіліс орын алды. Оның алдында әлеуметтік желі пайдаланушылары түнде оқыс SMS-хабарлама алғанын хабарлаған болатын.
Маселен, Threads пайдаланушыларының бірі түнде сағат 2:12-де BilimLand атынан «16 мектеп мәңгіге жабылды» деген мәтін бар SMS алғанын жазды.

Таңертең білім беру платформасының әкімшілігі техникалық ақау орын алғанын мойындады. Оның салдарынан кейбір пайдаланушыларға қате хабарламалар түсуі мүмкін екенін ескертті.
Кейін BilimClass өкілдері қосымшаға кіруде қиындықтар туындауы, сондай-ақ бағалардың, сабақ кестесі мен үй тапсырмаларының көрінбей қалуы мүмкін екенін ескертті.
Қазір мамандар жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Инциденттің туындау себебі неден болғаны, жүйеге бөгде тұлғалардың заңсыз кіруімен байланысты ма, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналарының жеке деректеріне нұқсан келді ме, жоқ па — әзірге бұл жағы хабарланған жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Threads желісіндегі SMS-хабарламаның скриншоты
В Атырау +0.7