
16-25 қараша аралығында шекарадағы өткізу пункттерінде жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын валютаны заңсыз алып шығудың 59 әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның бір бөлігі 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада анықталды. Қазақстан азаматы жолжүгінде 4 441 500 рубль (шамамен 23 млн теңге) алып өтпек болған. Арада бес күн өткен соң, 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азамат 200 мың АҚШ долларын (шамамен 91 млн теңге) жасырын алып өтуге әрекет жасаған.
Барлық дерек бойынша істер қозғалып, тергеу ретіне қарай тиісті органдарға жолданды. Заң бойынша Қазақстаннан қолма-қол шетел валютасын бажсыз алып шығу лимиті 10 мың АҚШ долларының баламасын құрайды.
В Атырау +0.5