Атырау, 27 қараша 13:17
 снегВ Атырау +0.7
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59

Сырттай сотталған ер адам он жылдан соң Өскеменде қолға түсті

67 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Өскеменде мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы шетел азаматын қолға түсірді. Ол шамамен он жыл бойы іздеуде жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәліметке қарағанда, ер адам 2007 жылдың желтоқсанында тұрмыстық жанжал кезінде танысына пышақ жарақатын салып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот оны сырттай төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Алайда ол жазасын өтеуден жалтарып, бой тасалаған. 2016 жылдың соңында оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеу салған тарапқа хабар берілді. Биылғы желтоқсанда оны тиісті елге тапсыру рәсімі жоспарланған.

Жыл басынан бері өңір полицейлері іздеуде жүрген 23 адамды ұстады. Оның 13-і бұрынғы жылдары жасалған қылмыстар бойынша іздеуде болған.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қылмыс жасаған адамдарды анықтап, жауапқа тарту жұмысын жалғастырып жатыр.

Бүгін, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.