Атырау, 10 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жайық– суға батқан кемелер өзені

17 491 просмотра

Соңғы бірнеше жылда Жайық өзені қатты тайызданып, өнеркәсіптік қалдықтармен ластануда. Биылғы жылдың болжамы да қуантпайды: Жайық тағы да «құрғақ» жазды күтуде.

Дүйсенбі күні облыстық әкімдікте Жайық өзенінің проблемалары талқыға салынды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВ соңғы үш жылда Жайық ағысының орташа жылдық деңгейі көпжылдық белгілерден екі есе төмен түсіп кеткендігін баяндады. Стратегиялық маңызды су ресурсын жоғалтып алу қаупі ел билігін бұл мәселені мемлекетаралық деңгейде шешуге мәжбүр етті. Алайда... Мен өткен жазда осы мәселе бойынша көрші Орал қаласындағы кеңестердің біріне қатысқан едім. Менің пікірімше, онда ресейлік тарап қазақстандық делегацияға біздің проблемамыздың оларды аз толғандыратындығын айқын көрсеткен еді. Екі премьердің жоспарланған кездесуінің орнына К.Мәсімовпен кеңесуге ресейлік аймақтардың губернаторлары мен Экология министрлігінің өкілдері келді. Путин көңіл аудармады да.

Е.Қуанов облыстық әкімдіктің Жайықтың гидрологиялық режимін жақсарту үшін Атырау облысының шеңберінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалауымен бірге техникалық экономикалық негіздеме жобасын жасақтап шығарғанын хабарлады. Онда өзен түбін тереңдету және тазалау жұмыстары 16 кезеңмен қарастырылған. Жоба 1,7 млрд. теңгеге бағаланған. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады деп жорамалданғандықтан, биылғы жылы смета мен басқа жобалау құжаттарын дайындау жоспарланған. Оны қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктері қарайтын болады. Тек содан кейін ғана бюджеттік комиссияның қарауына беріледі. Бұл жобадан басқа, Е.Қуановтың айтуынша, Индер (Қызыл жар және Құрылыс көлдері) және Махамбет (Мамай су жайылмасы мен Қарашығанақ көлі) аудандарында арналар мен көлдерді суландыру жөніндегі техникалық экономикалық негіздемеге қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау жасалды. Жалпы сметалық құны 386 млн. теңгелік бұл жобаны жүзеге асыру 2011-2012 жылдарға жоспарланған.

Жағалауды нығайту жұмыстарын қарастыратын Атырау қаласының, Махамбет және Индер аудандарының елді мекендерінің шегінде Жайықтың су қорғау аймақтары мен алқаптарын белгілеу жөніндегі жоба жасақталды.

Е.Қуанов судың тайыздығынан екіге бөліне жаздаған Қиғаш пен Шароновканың бейшара ахуалын сипаттап берді. Сағаны «Арна» АҚ жүргізген су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана қалпына келтіру мүмкін болды. Мақаш селолық округіндегі Шароновкадан бастау алатын Көкарна өзегі жоғалу қаупінде тұр. Суының тайыздығы салдарынан ол өткен жазда бірнеше жерлері ластанып бітеліп, түбі лайланып, суы пайдалануға жарамсыз боп қалған. Осындай ахуал Жайыққа жақын орналасқан су қоймаларында да орын алған. Бұл осы елді мекендердің халқын ауыз сумен қамтудың жедел шараларын алуды талап етеді.

Тағы бір салмақты проблема суға кеткен кемелер боп табылады. Мәселен, 2001 жылдың қарашасынан бастап Каспий теңізінің жағалауындағы су түбінде Жайықтан теңізге және кері жүруіне кедергі келтіріп, әзірбайжандық «Сарынский рыбак» кемесі жатыр. Әлі күнге дейін Атырау өзен айлағының аумағында үш жыл бұрын суға батқан 6 кеме су бетіне шығарылған жоқ. «Атырауөзенпорты» АҚ айлағының қожайыны қаржының жоқтығына сілтеп, оларды судан шығармай отыр. Бұл процедураның өзі де тосын сыйға толы болуы мүмкін. Өйткені суға батқан кемелердің бортында қаншама жанар-жағармай болуы мүмкін. «Атырау Балық» АҚ-на тиесілі ішінара суға батқан мұнай қалдықтарын жинау стансасы Балықшыдағы қаланың табиғи көрінісін сұрықсыз етіп, өзен түбін ыбырсытып тастаған. «Жайық Балық» КМК директоры Василий КУЗЬМИН таяу уақыттарда бұл проблеманы шешетіндігін мәлімдеді.  

Жайық-Каспий экология департаментінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің бастығы Балжан МҰХАМБЕТҚАЛИЕВАЖайық өзенінің суы бүгінгі күні орташа ластанған деп сипатталады. Өзеннің негізгі ластану көздері оның жоғарғы ағысында орналасқан. Бұл Магнитогорск металлургиялық комбинаты, Орск өнеркәсіп торабы (мұнай-химия, түсті металлдар өндірісі, машина жасау), Ақтөбе хромды қоспа зауыты. Батыс Қазақстан облысының аумағында ағынды сулар өзенге құйылмайды. Дегенмен, ол Орынбор және Ақтөбе облыстарымен қатар ауыл шаруашылық текті ластағыштарды: биогендік элементтер мен петицидтердің түсу көзі боп табылады.

Атырау облысының аумағында Жайық өзеніне қалдық сулар құйылмаған.Тек «Атырау Су Арнасы» және «Жайық-Атырау бекіре-балық өсіру зауыты» КМК су тазарту құрылғысының «шартты-таза» саналатын қалдық сулары болмаса. Қазіргі кезде Жайық өзенінде 31 гидрологиялық қосындардың бар болғаны 10-ына ғана бақылау жүргізілуде. Б.Мұхамбетқалиеваның айтуынша, департаменттің аналитикалық бақылау зертханасы 2010 жылдың мамырынан қарашасына дейін Жайықтан 10 мәрте су сынамасын алған. Оның химиялық құрамына бақылауды  Атырау қаласындағы Бугорка ауданы, теміржол көпірі, орталық теміржол көпірі, «Атырау Балық» АҚ жоғарғы және төменгі университет, балық жүретін каналға шығатын жердегі Перетаска аймақтарында жүргізген.  Барлық сынамада жалпы темір, хлорид, сульфат пен фенол концентрациясы мөлшерінің асып кеткендігі белгіленген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.