Атырау, 12 қараша 18:59
 дождьВ Атырау +4.9
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

АМӨЗ-дің санитарлық аймағынан халықты көшіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

40 рет қаралды
Сурет: АМӨЗ баспасөз қызметі
Сурет АМӨЗ-дің Фейсбуктегі парақшасынан алынған

Атырау мұнай өңдеу зауытына іргелес аудандардың тұрғындары ақпараттық вакуумда қалды. Адамдар өз үйлерінің сүрілуге ілінетін-ілінбейтінін білмейді, ал билік өкілдері тұрғындармен өтетін кездесудің күнін де әлі атай алмай отыр.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты кімді көшірейін деп жатыр?» – бұл сұрақ зауытқа жақын орналасқан аудан тұрғындарының мазасын алды. Осы уақытқа дейін сүрілуге тиіс үйлер мекенжайлардың тізімі жоқ, мүлікті бағалау процедурасы туралы ақпарат берілмеген, сондай-ақ түрлі сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптың болмауы – мұның барлығы, олардың айтуынша, белгісіздік атмосферасын күшейте түседі.

Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі сүрілетін үйлердің түпкілікті тізімі әлі де жоқ екенін, көшіру жобасы іске асырудың бастапқы кезеңінде тұрғанын растады. Қараша айының ортасында тұрғындармен өтеді деген үлкен кездесудің де күні белгісіз.

Бұған дейін кәсіпорынның жаңа санитарлық-қорғау аймағына (СҚА) 80-ге жуық үйдің ілінгені хабарланған болатын. 24 қыркүйекте «АМӨЗ» ЖШС СҚА қала әкімінің қаулысымен бекітілді. 22 қазанда әкімдік құрамына шенеуніктер, зауыт өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері, Мирный кенті мен Левая Нижняя Перетаска көшесінің тұрғындары кірген комиссия құрды. Жер мәселесін рәсімдеу, үйлерді бағалау және төлемдерді дайындау осы айда басталады деп болжанған еді. Көшірудің өзі 2027 жылға жоспарланған.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.