
Бұл үйлер зауыттың жаңадан әзірленген санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) жобалық аумағына кіріп кеткен.
2021 жылы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) санитарлық-қорғау аймағын негіздеу жобасына оң қорытынды берген еді. Алайда бір жылдан кейін жаңа санитарлық ережелер қабылданды, ал тағы бір жылдан соң табиғат қорғау прокуратурасы заң талаптарына қайшы берілген қорытындыны жоюды талап етті.
Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Мирас Жалмурзиннің айтуынша, қорытынды жойылғаннан кейін зауыттың тапсырысы бойынша «Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» жаңа СҚА-ны негіздеу жобасын әзірлеуге кірісті.
Жаңа аймақтың шекарасы ластаушы заттардың таралуын есептеу, өндірістік нысандардың қоршаған ортаға нақты әсерін бағалау және аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталды. Соның салдарынан шамамен 80 тұрғын үй СҚА-ға кіріп, санитарлық ережелерге сәйкес олардың тұрғындары көшірілуге тиіс болды.
АМӨЗ-дің еңбек, қоршаған орта және азаматтық қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Михаил Пеевтің айтуынша, жаңа СҚА жобасы әлі бекітілген жоқ, мамандар топографиялық түсірілім мен жерге орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан нақты мекенжайлар тізімі әзірге жоқ.
Соған қарамастан, зауыт көшіру жоспарын әзірлеп, оны әкімдікке мақұлдауға жолдаған.
Жоспарға сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жұмыс комиссиясы құрылып, тұрғын үйлер мен жер учаскелерінің түгендеуі, құқық иелерін анықтау және кадастрлық сипаттамаларды белгілеу көзделген.
«Жоспар жобасында тұрғын үйлер мен жер учаскелерін түгендеу, құқық иелерін анықтау, кадастрлық сипаттамаларды белгілеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жұмыс комиссиясын құру қарастырылған», – делінген кәсіпорынның «АЖ» редакциясының сауалына берілген жауапта.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +24