Атырау, 17 қараша 15:58
 дождьВ Атырау +4.1
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39

​Атыраудағы орталық көпір қауіпсіз бе? Әкімдік жауап бермеуді жөн көріп отыр

30 рет қаралды

Қала әкімдігі морталық автокөлік көпірінің жағдайы туралы ақпаратты жасырып отыр. 

Атыраудағы ең ескі автокөлік көпірінің жай-күйі бір айдан бері қала тұрғындары арасында қызу талқыланып жатыр. Маусым айында жөндеуден өткен жол төсемі деформациялық жіктер орналасқан жерлері жарылып, көпірдің басқа да конструктивті элементтері зақымданған. 

Еске сала кетейік, қыркүйек айында бұл құрылысты тексеру жұмыстарымен «ҚазжолҒЗИ» АҚ айналысқан еді. «АЖ» сауалына әкімнің орынбасары Ердос Әбдісаттаров қол қойған қала әкімдігінің берген жауабынан белгілі болғандай, компания мамандары көпірдің аралық құрылымдарының бөлек элементтеріне қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берген. 

Бұл ретте нақты қандай ұсыныстар болғанын әкімдік хабарламауды жөн көріп отыр. Билік өіклдері орталық көпірдің қауіпсіздігі мен пайдалануға жарамдылығы туралы сұрақты да жауапсыз қалдырды. Шамасы, әкімнің орынбасары Атырау тұрғындары мен қонақтарына бұл туралы білудің қажеті жоқ деп санайды. 

Ал өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, «ҚазжолҒЗИ» АҚ көпір апатты жағдайда емес, бірақ жөндеуді қажет етеді, оның конструкциялары қазіргі заманғы жүктемелерге есептелмеген деген алдын ала қорытындыға келді.

«Мамандар деформацияланған жіктерді қалпына келтірудің төмен температурада қолдануға болатын технологияларын зерделеу үстінде. Бұл олардың герметикалық қасиетін қалпына келтіріп, қонструкциялардың одан сайын бүлінуіне жол бермейді. Сонымен қатар қолданыстағы көпірді реконструкциялау немесе жаңасын салудың мүмкіндігі де қарастырылуып жатыр, — делінген баспасөз хабарламасында. — Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов көпірдің тіреулері мен көтергіш конструкцияларына қосымша техникалық тексеру жүргізуді, олардың жағдайын бағалауды және ықтимал нұсқалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді тапсырды. Жауапты қызметтерге көпірдің жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, деформацияға ұшыраған жіктерді жөндеу технологиясын ыждағаттап таңдау жүктелді».

Орталық көпірді ретке келтіру қажеттілігі туралы мәселе соңғы алты жыл бойы үнемі көтеріліп келеді. 2022 жылы белгісіз себептермен көпірге күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген 47,1 млн теңге босқа жұмсалды. 

Өткен жылдың жазында қытайлық Power Construction Corporation of China корпорациясы өз қаражатына көпірді жөндеу жобасын дайындады. Әкімдік алдымен оны мемлекеттік сараптамаға жіберуді жоспарлағанымен, кейін райынан қайтты. 

Желтоқсан айында орталық көпірдің екі жағынан бірдей екі автокөлік көпірінің құрылысы басталатыны сөз болған еді. Дегенмен, қалалық әкімдікте хабарлағандай, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. 

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.