Атырау, 4 қыркүйек 13:01
 дождьВ Атырау +29.1
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Атыраудағы Орталық көпірді зерттеуге кірісті: оны цифрлық көшірме арқылы тексереді

78 рет қаралды
Сурет: QazJolGZI
Сурет: QazJolGZI

«ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары Атырау қаласындағы ұзындығы 260 метр болатын Орталық көпірдің техникалық жағдайын бағалау жұмыстарын бастады. 

Тексеру барысында геодезиялық өлшеулер жүргізіліп, бетон беріктігі анықталады, тірек бөліктері мен конструкциялық элементтердің жай-күйі қаралады. Бұл шаралар ықтимал деформацияларды анықтап, нысанның нақты жағдайы туралы объективті деректер алуға мүмкіндік береді.

Көпірдің цифрлық көшірмесі әзірленіп жатыр. Ол алынған өлшеулер мен тексерулерді біріктіріп, бақылау есептерін жүргізуге, жекелеген элементтердің жұмысын талдауға және әртүрлі жүктемелер кезіндегі конструкциялардың жай-күйін болжауға жол ашады. Цифрлық модель кейін Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесіне енгізіледі.

Департамент директоры Шалқар Қайсардың айтуынша, Орталық көпір қаланың көлік жүйесі үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан оны кешенді тексеру ғылыми негізделген тәсілдерді қажет етеді. Зерттеулер мен сынақтар көпірдің қазіргі жағдайын объективті бағалауға және алдағы шараларды айқындауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі – динамикалық сынақтар. Олар көпір конструкцияларының нақты жұмысын пайдалану жүктемелері кезінде бағалап, есептік параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Кешенді тексеру аяқталған соң ҚазжолҒЗИ техникалық қорытынды дайындап, көпірді әрі қарай қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар береді.

Бүгін, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.