Атырау, 8 қазан 17:26
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

68 рет қаралды

Атырау мұнай өңдеу зауытының атмосфералық ауа сапасын мониторингтеуші автоматты станцияларының мәліметтері кәсіпорынның ресми сайтында қолжетімді болды.

Сайттың басты бетінде АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан төрт экологиялық бекеттен — «Перетаска», «Химпоселок», «Мирный» және «Пропаркадан» түсетін көрсеткіштер нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Тұрғындар күкіртсутек, азот оксиді мен диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді концентрациясын, сондай-ақ желдің бағытын бақылай алады.

Кәсіпорыннан хабарлағандай, ақпарат тікелей «Қазгидромет» РМК-дан түседі және сағат сайын жаңарып отырады.

Сайттан бөлек, экобекеттердің көрсеткіштері зауыт аумағының кіреберісіне орнатылған LED-экранға шығарылады.

Экологиялық мониторинг жүйесі АМӨЗ-де 2010 жылдан бері жұмыс істейді және атмосфералық ауа сапасын үздіксіз бақылауға арналған.

Кәсіпорын өкілдері экологиялық қызмет және оның нәтижелері туралы ақпаратты ашық жариялауды әрі қарай да жалғастыратынын мәлімдеді.

Бүгін, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.