
5 қарашада Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Индер ауданына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездеседі. Кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау жоспарланған.
Кездесу сағат 11:00-де Индербор кентіндегі аудандық Мәдениет үйінде өтеді. Тұрғындар әкіммен ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерді және облыс басшыларының назарын талап ететін проблемаларды талқылай алады.
Сағат 13:00-де азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау болады.
Келіп қатыса алмайтын тұрғындарға кездесу Индер ауданы әкімдігінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Индер ауданы әкімінің аппаратына 8 (71234) 3-09-28 телефоны арқылы хабарласуға болады.
В Атырау +15.1