Атырау, 19 желтоқсан 20:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Ақмола облысында мәдениет үйінің бұрынғы басшысы заңсыз еңбекақы есептегені үшін сотталды

192 рет қаралды

Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында аудандық мәдениет үйінде бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері анықталды.

Белгілі болғандай, 2022–2024 жылдары мекеме басшысы орындалмаған жұмыстар үшін өзге тұлғаларға негізсіз еңбекақы есептеп, мемлекетке 2,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен бұрынғы басшы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап етті деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды және бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Үкім заңды күшіне енді.

Бүгін, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.