Атырау, 27 желтоқсан 05:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Кафе салуға кім рұқсат берген?

2 135 просмотра

– Өткен жылы Авангард ықшам ауданындағы №24 үйдің жанындағы балалар алаңының орнынан екі қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты салына бастады. Қазір құрылыс тоқтап қалды. Үйіміздің негізгі коммуникациясының болашақ кафе іргетасының дәл астында орналасқаны бізді алаңдатады. Қалалық әкімдіктегілер құрылыстың сот ісіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Біз мынаны білгіміз келеді: балалар алаңын кері қайтара ма және жалпы сәулет басқармасындағылар көппәтерлі тұрғын үй коммуникациясы өтетін жерге кафе салуға қалай рұқсат берген?

Телефон арқылы

Қалалық сәулет бөліміндегілер рұқсат беру комиссиясының жұмысына мемлекеттік-құрылыс бақылау мекемесі де қатысатынын хабарлаған еді. Сондықтан коммуникацияға қатысты барлық сұрақтар соларға қойылуы тиіс екен.

Ал Атырау облыстық құрылыс бақылау басқармасының бастығы Асқар ДОСПАЕВ былай дейді: «Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары бізге хабарласты. Менің түсінуімше, бар мәселе коммуникацияда емес. Бұрын ол жерге балалар алаңын салғысы келген. Алайда учаске көлемі талапқа сай келмеді. Сондықтан алаңды басқа жерден салуға тиіс болып, ал осы учаскені жеке тұлғаға сатқан болуы керек. Коммуникацияға келер болсақ, бұл қалалық сәулет мекемесінің құзырында. Біз бұл жүйелер үшін жауап бермейміз. Өйткені қалалық комиссияда «Атырау Жарықтың», «Атырау су арнасының» және т.б. келісім құжаттарына қол қоятын өкілетті адамдары отыр. Біздің тарапымыздан құрылысқа келісім алу үшін жер учаскесінің қожайыны Атырау қаласының сәулетшісімен мақұлданған сызба жобасын, қала әкімінің сол жер учаскесін бөлу туралы шешімін ұсынуы тиіс. Егер сол салынатын нысан 200 шаршы метрден аспайтын болса, онда сызба жобасына сәйкес рұқсат беріледі. Ал егер одан көп болса, онда жұмыс жобасы, сондай-ақ, жұмыс жобасына сараптама болуы тиіс. Бізге қалалық сәулет бөлімінен осы құжаттардың барлығы ұсынылды. Осы құжаттардың негізінде кафені салуға рұқсат бердік».

16 маусым 2011, 01:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.