Атырау, 19 маусым 11:48
Күндіз ашық+31, кешке +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.69  € 429.08  P 5.97

Жұмыстан өз еркімен кету

23 қараша 2011 20:56

– Мен кәсіпорында 2 жылдай еңбек еттім. Штат қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі бұйрықпен мені жұмыстан шығарды, бірақ, алдағы қысқарту жөнінде мен тек бір ай бұрын ғана білдім. Әрине, мен мұнымен келіспедім де сотқа шағымдандым. Қалалық соттың шешімімен менің талап арызым қанағаттандырылмай қалды. Менің жұмыстан шығарылуым мен соттың шешімі заңды ма? Бұл тұрғыда прокуратураның пікірі қандай?

Телефон арқылы

Сауалға қала прокурорының көмекшісі Әсел АРТЫҚБАЕВА жауап береді. «Бұл шешім Еңбек Кодексінің 54-бабы, 1-бөлімінің, 2-тармағы негізінде, ал атап айтар болсақ, жұмыс берушінің бастамасымен қызметкермен жасалған еңбек шарты штат қызметкерлері  немесе санының қысқару жағдайында бұзылуы мүмкін. Яғни, қызметкерлердің қысқаруы барысында жұмыс берушімен арада шарттың бұзылуы заңнамалармен қарастырылған.

Бұдан басқа, 56-бапқа сәйкес жұмыс беруші Еңбек Кодексінің 54-бабы, 2-тармағы, 2-тармақшасында қарастырылған негіздер бойынша қызметкерді еңбек шартының бұзылуы туралы бір ай бұрын жазбаша түрде, егер еңбек, ұжымдық шартта бұдан артық мерзім қарастырылмаған болса ескерту беруге міндетті. Қызметкерлерді  алдағы қысқартулар жөнінде жазбаша түрде хабардар ету керек. Басқалай болған жағдайда бұл заңның бұзылуы болып табылады. Еңбек Кодексінің нормаларына сәйкес штаттың және қызметкерлер санының қысқаруы негізінде еңбек шартын бұзу барысында жұмыс беруші қызметкерді оның келісімі бойынша басқа жұмысқа ауыстыру шараларын алуға тиісті. Сондай-ақ, жеке еңбек дауларын қарау бойынша органдарға жолығу үшін мерзімдер белгіленеді, жұмысқа қайта алыну жөніндегі даулар бойынша еңбек шартын бұзу жөніндегі жұмыс берушінің акт көшірмесі берген күннен бастап үш ай ішінде қаралады. Жұмысқа қайта қабылдау жөніндегі өтінішті беру мерзімінің бітуі өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады».

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1631 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4