
Жұма күні, 6 қарашада Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барады. Сапар аясында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Тұрғындармен өтетін ашық кездесу Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде сағат 10:00-де басталады. Тұрғындар өңір басшысына ауданның дамуына, инфрақұрылымның жай-күйіне және басқа да проблемаларға қатысты сұрақтарын қоя алады.
Одан кейін, сағат 12:00-де облыс әкімі осы мәдениет үйінің ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Кездесуге қатыса алмайтын тұрғындар үшін тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Хабар тарату Қызылқоға ауданы әкімдігінің Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларында ұйымдастырылады.
Кездесу бойынша осымша ақпарат алу үшін 8 (71238) 2-22-21 телефоны арқылы байланыса алады.
В Атырау +8.9