Атырау, 4 қазан 07:07
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз!

2 660 просмотра

Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді.  Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген.

ҚЫЛМЫС...

«25 наурыз  жұма күні кештете өзім тұрақты клиенті болып саналатын супермаркеттердің бірінен сауда жасадым. Жасаған саудамның жалпы сомасы  1 491 теңге 83 тиынды құрады. Сатып алынған тауарым үшін мен 5 мың теңге көлеміндегі ақшалай купюрмен төледім.  3 508 мың теңгедей қалған ақшамды маған ақша салуға арналған қондырғыға мынадай тәртіппен салды: астыңғы жағында 2 мың теңгелік купюр, үстіне 1 мың теңге оның үстіне чек және басқа да ұсақ ақшаларды қойды,-дейді алданып қалған сатып алушы Оля (есімі өзгертіліп алынды). Ол еш күмәнданбастан қайтарып берген ақшасын, көзімен бір шолып, есебі дұрыс деп чекпен бірге сөмкесіне салып алып үйіне жөнелген. Ольганың айтуынша сол күні кештегі дүкенде қайтарылған ақшадан басқа әмиянында ақша болмаған. Ертесіне ол электр энергиясының ақшасын төлейін деп екі мың теңгесін контролерге ұсынғанда, ол бірден ақшаның жалған ақша екендігін білген. Осы ақшаны берген супермаркетте ақшаны детекторда тексеріп оның жалған ақша екендігін анықтап, кері қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқан. «Бейне бақылау камерасынан түсірілген бейне материалдарды қарағаннан кейін күзет бастығы менің осы дүкеннен сауда жасағанымды растады, бірақ, ақшаның жалған екендігінің таспадан көрінбейтіндігін атап өтті,-дейді Ольга. Иә, оған өзім де кінәлімін, кассадан ұзамай тұрып-ақ, сатып алушы секілді  ақша мен чекті тексеріп алуға тиісті едім. Алайда, бұған қатысты Ольганың өз пікірі бар: сатып алушы тауардың жарамдылық мерзімін, чек пен қайтарылған ақша мөлшерін салыстыруға тиісті, алайда, өзіне берілген ақшаның жалған не болмаса дұрыс ақша екендігін бірден қайдан айырады? Оның үстіне сатып алушы ірі супермаркеттерден мұндайды күтпейді ғой. Ол аз дегендей, ол бұл дүкенге ұзақ жылдар бойы күн сайын барып тұрған. Кассирлер де, күзетшілер де оны жақсы таниды. Алайда, олардың таныстығы өздерінің тұрақты  тұтынушысын дөрекі түрде есікке қарай шығарып жіберуге кедергі келтіре қоймады.

...ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Көпшілік мұндай  жағдайда қолын бір сілтер еді, екі мың дегеніңіз сондай көп ақша емес қой!? Ольга басқаша ойлады және оның ұстанымы қолдауға тұрарлық еді: бұл ақша егде адамның қолына түсуі мүмкін ғой. Бәлкім, бұл оның соңғы соқыр тиыны болса ше? Жалған ақша жасау қылмыс және оны жазасыз қалдыруға болмайды. Нәтижесінде алданған Оля ҰҚК-не шағымданды. Ол жерде оған қаржы полициясына арыз жазуға кеңес берді. Ондағылар болса, оны ІІД-не жұмсаса, ал, олар қылмыс болған жердің мекен-жайына қарай учаскелік полицияға хабарласуға бағыт берді. Сілтемелерден шаршаған Оля біздің газетіміздің редакциясына хабарласты. Біз алданған әйелдің арызын жалғай отырып,  Атырау облысы бойынша  қаржы полициясына және ІІД-не сауал жолдадық. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес  департаментінің облыстық ұйымдастыру-бақылау инспекциясының бастығы Қаһарман ЖӘРДЕМОВТІҢ айтуынша, заңсыз ақша айналымымен байланысты қылмыс қиын ашылатын қылмыстар санатына жатады, әсіресе, егер әңгіме аса үлкен емес сома туралы болса. Кездейсоқ жалған ақшаға ие болған азаматтарға міндетті түрде қолдарындағы банкноттарымен және тиісті өтініштерімен бірге құқық қорғау органдарына жолығулары керек. Жалған ақша жасаушыларды анықтаған және оларды жауапқа тартқан жағдайда ол азаматтарға материалдық залал сот үкімі бойынша өндіріліп берілетін болады. Егер жалған ақша жасаушыны анықтау мүмкін болмаған жағдайда азаматтарға келтірілген зиянды ешкім өндіріп бермейді. «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң барлық мемлекеттік органдар үшін тең заңды күшке ие, сондықтан да қаржы полициясының қызметкерлері арызданушының өтінішін қабылдауға міндетті. Оның үстіне департаменттің кезекші бөлімінің қызметкерлері ондай фактілерді тіркеу жөнінде қатаң ескерту алған. Арызданушының дүйсенбі күні, 2011 жылдың 28 наурызында келгендігі келушілер есебі журналында  тіркелмеген.

КІМ КІНӘЛІ?

Жоғарыда айтылып кеткендей, жалған ақша айналымының барлық фактілері туралы міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлау керек. Бұл екінші деңгейлі банктерге де қатысты. «Екінші деңгейлі банк қызметкерлері клиенттен ақшаны қабылдай отырып, барлық уақытта да «күдікті» деген купюрлерді тексеріп отырады. Тәжірибелі мамандардың көп жылғы тәжірибесі жалған ақшаны бірден айна қатесіз айыруға мүмкіндік береді. Ал, детектор күдіктерін расқа шығарады. Мұндай жағдайда банк қызметкерлері қаржы полициясына хабарласады. Тәркілеу акті жасалып, тергеу жүргізіле бастайды,-деп әңгімелейді «ҚР Ұлттық Банк» мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және касса операциялары бөлімінің жетекші экономисі Ғазиза ТАРИХОВА. 2010 жылы мұндай 39 факті тіркеліп, 48 жалған купюрлар анықталды.

Сауда желілеріне қатысты жағдай басқаша, жалған ақшалар дүкен айналымына ешқашан түспейді , не болмаса әкімшілік құқық қорғау органдарымен белсенді түрде бірге жұмыс істеуге тырыспайды, алайда, қаржы полициясына жыл басынан бері ешқандай дабылдар түспеген.  

Оляның арызын біздің редакцияға хабарласқаннан кейін ІІД қабылдаған. ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма бастығы Асылбек ТЕМІРҒАЛИЕВТІҢ қолы қойылған ресми хатта былай деп көрсетілген. 4 сәуір күні материал Атырау облысының ІІД өтініштер есебі кітабына №266 болып тіркелген. Қазір тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. «Ақыры әлгі жалған ақшадан құтылдым –ау,-деп қуанады Ольга.  Қырсық шалған ақшаны ол жазған арызына жалғап қойды. Оның қалай пайда болғандығын полицейлер анықтай ма жоқ па, оны біз тергеуден соң білетін боламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 сәуір 2011, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.