
"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі Батуми мұнай терминалы қызметкерлерінің ұсталуы туралы жарияланымдарға жауап ретінде ресми ақпарат берді.
"Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ кәсіпорынның барлық қызметкері өз жұмыс орындарында екенін, ал терминалдың қызметі штаттық режимде және Грузия заңнамасына сәйкес жалғасып жатқанын хабарлайды.
Компания терминалдың және оның қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері толық көлемде қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Грузия заңнамасының алдын ала тергеу деректерін жария етпеу туралы талаптарына байланысты кәсіпорын қосымша мәлімет беруден бас тартты.
В Атырау +2