Атырау, 5 желтоқсан 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

№12 мектептегі дау: ата-ана алаңдаушылығы мен мектеп реакциясы

80 рет қаралды

Ата-ана баласының сыныпта қысымға ұшырағанына сенімді, алайда мектептегі тексеру бұл шағымды растамады.

6-сынып оқушысының анасы Айгүл Исакулова баласына сыныптасының балағат сөздері мен физикалық қысым көрсетті деп шағымданды. Оның айтуынша, ұлы сабақта белсенді, олимпиадаларға қатысады, бірақ сыныпта өзін жайсыз сезінеді. ағдай нашарлап, ұлым үйге жылап келіп, мектепке барғысы келмейтінін айтқанда уайымдай бастадым. Ұлым тұтыға бастады, енді психологқа көрсетуге мәжбүрміз", - дейді оқушының анасы. 

Қыркүйек айында сыныптасы баласына қайта тиісіп, мазасын алған соң директорға арыз жазған.

№12 мектеп директоры Болатбай Нуркалиев арыз бойынша мәліметтер жасаөспірімдер ісі бойынша инспекторға жолданғанын хабарлады. Атырау облысы білім беру басқармасының “Психологиялық қолдау орталығынан” мамандар келіп оқушылармен сұхбат, сауалнама жүргізіп буллинг дерегін анықтаған жоқ. Мамандардың айтуы бойынша сыныптағы ахуал қалыпты, оқушылардың көңіл-күйлері жақсы.

Ата-ана бұл қорытындымен келіспейді. Олардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы жасалған қысым өз ізін қалдырады. Сонымен қатар бұрын да мектепте қақтығыстар болғанын, бірақ шара қолданылмағанын айтты.

Бұл жағдай қоғам мен білім беру саласын балалар арасындағы конфликтілерді дер кезінде анықтап, дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығына назар аударуға шақырады.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.