Атырау, 27 желтоқсан 16:31
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Көршіңізден құқай көрсеңіз...

2 655 просмотра

– Пәтерімді үнемі жоғарыдағы көршім суға кетіреді. Ал ПИК мұны еш елең қылмайды. Өздерің акт жасап, қалғандарын өздерің жасаңдар дейді...

Менің білуімше, олардың қатысуынсыз мұндай актіні заңды тұрғыда дұрыс деп есептеуге болмайды. Менің және жұбайымның жасы 80-нен асып кеткен. Ненің қалай екенін анықтап жүрудің өзі қиын. Көмектессеңіздер.

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА түсінік береді:

– Егер сізді көршілеріңіз суға кетірсе, онда сізге фактіні тіркеу үшін, яғни, пәтердің суға кеткендігі туралы актіні жасау үшін үйіңізге қызмет көрсететін ПИК қызметкерлерін шақыру керек.

ПИК қызметкерлері келуден және пәтердің суға кеткендігі туралы актіні толтырудан бас тартқан жағдайда немесе суға кеткен пәтерді қарау кезінде актіге қол қоюдан бас тартып, бұл олардың құзырында емес екендігін түсіндірген жағдайда, көршілеріңізді шақырып, олардың қатысуымен пәтердің суға кеткендігі туралы актіні өзіңізге толтыруға кеңес беремін. Актіге сіздің мүлкіңізге тигізілген бүкіл зиянды сипаттау керек: орынжайдың сылақтарында (қабырғасында, төбесінде, еденінде), пәтер ішіндегі жиһаз мен тұрмыстық техникада қандай бүлінген жерлер бар екендігі жазылады.

Акт толтырылғаннан кейін оған қол қойып, ПИК қызметкері мен көршілерге қолдарын қоюға ұсыну керек. ПИК қызметкері актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, шақырылған  ПИК қызметкерінің куәландырудан бас тартқандығын жазбаша түрде көрсетіңіз.

Бұдан басқа, ПИК қызметкерлеріне су кеткен жерге келіп, акт толтырып, оған қол қою олардың міндеті екендігін, өйткені су кеткен жерді қарап, оның себебін анықтап, әрі қарай ақауды жою үшін шаралар алу керектігін көрсету керек. Кейде пәтердің суға кетуі басқа жағдайларға байланысты орын алатын, ал бұл ПИК құзырына кіретін жағдайлар да болып жатады ғой.

Сондай-ақ, материалдық зиян шегу фактісін барлық көрінетін бүлінген жерлерін көрсетіп, бейне және фототүсірілімге түсіріп алған жақсы.

Зиянды өтеу мәселесін сотқа дейін шешуге болады. Ол үшін көршілеріңізбен өзіңіз сөйлесіп немесе оларға жазбаша түрде талабыңызды жолдаңыз. Бәлкім көршіңіз сізге тигізген зиянды өз еріктерімен өтеулері мүмкін.

Тигізілген зиянды бағалау қиын болған жағдайда лицензиясы бар тәуелсіз бағалау компаниясына жүгіне аласыз. Ол сізге тиісті қорытындыны шығарып береді.

Егер көршілер ымыраға келу шешімін табуға ықыласты болмаса, онда сіз талап-арыз беріп, сот арқылы өтемақы талап етуге құқылысыз.

Бұдан басқа, егер сіз талап-арыз бермес бұрын зиян тигізілген мүлікке бағалау жасатпаған болсаңыз, онда сот отырысында сіз тигізілген зиянның құнын анықтайтын сот-құрылыс немесе тауартану сараптамасын тағайындау туралы өтініш жасай аласыз. Сот мүлкіңізге тигізілген зиян туралы сіз ұсынған айғақтарды негізге ала отырып, әділ шешім шығарады. Сондықтан анағұрлым толық әрі жан-жақты дәлел жинақтаған маңызды.

16 маусым 2011, 00:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.