Атырау, 29 наурыз 15:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Күйеуге шыққым келеді

2 946 просмотра

- Менің азаматтық некеде тұрып жатқаныма сегіз жыл болды. Жолдасыммен заңды некеге тіркелгім келеді. Заңды некеге тіркелейін десем, жолдасым бұрынғы әйелімен заңды түрде әлі ажыраспаған. Заңды некедегі әйелі 10 және13 жастағы екі баласымен Алматыда тұрады. Азаматтық некедегі күйеуім екі баласына соңғы екі жыл бойы алименттің 50 пайызын төлеп келеді. Ал алдыңғы алты жыл бойы төлемеуінің себебізаңды некедегі әйелінің өзі алименттен ауызша бас тартқан болатын.

Дәл осындай жағдайда заңды некеге тұруға бола ма? Және бұрынғы заңды некені қалай бұзуға болады

Гүлнәр

Сіздің сұрағыңызға заңгер Анар БАЛАПАН өзініңтүсіндірмесінберді:

- Некеге тұрудың және некені бұзудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының талаптарымен реттеледі. Аталған заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, тіркелген некеде тұрған адамның басқа адаммен некесін қиюына жол берілмейді.

Сондықтан сауал иесі бұрынғы қиылған некені бұзғаннан кейін ғана қайтадан некеге тұруға ниет білдіре алады.

Заң талаптарына сәйкес, неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.

Араларында кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың некесін бұзу сот тәртібімен, сотқа талап арыз беру арқылы жүзеге асырылады.

26 қазан 2011, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.