Атырау, 23 қазан 12:35
 дождьВ Атырау +11.6
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

​Атырау — Ақтөбе жолында мотокөлік жүргізушісі «Газельмен» соқтығысып, қаза тапты

65 рет қаралды

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 20 қазанда сағат 9 шамасында республикалық маңызы бар жолда болды. 

Полицияның мәліметі бойынша, Атырау — Ақтөбе жолында Ular H7 мотокөлігі мен «Газель» автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Жол апаты дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері көліктердің не себептен соқтығысып қалғанын анықтап жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.