
Қазақстан Республикасының Республика күніне орай еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (арнайы ХҚКО) жұмыс кестесі өзгереді.
Мереке күндеріндегі жұмыс кестесі
26 қазан (дүйсенбі) — демалыс күні. ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді.
27 қазан (сейсенбі) — халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесі бойынша жұмысын қайта бастайды.
24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі
Сенбі күні азаматтарды тек кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО қабылдайды.
Кезекші ХҚКО-лар: азаматтарды қабылдау уақыты — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Кезекші арнайы ХҚКО-лар:
Құжаттарды қабылдау — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін;
Дайын құжаттарды беру — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Азаматтарға мерекелік жұмыс кестесін ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруды алдын ала жоспарлау ұсынылады.
В Атырау +11.6