Атырау, 26 сәуір 14:15
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жазылмаған ереже

2 664 просмотра

- Мен Атырау стационарларында (ақылы және тегін негізде) әлденеше рет емделдім. Қай жерде де пациенттің қолына анализдер туралы мәліметтер мен рентген және УЗИ суреттерінің сипаттамасы берілген көшірмені ғана береді.  Ал суреттерді дұрыс «оқи алу» керек қой. Мәселен, қызым қолын сындырып алғанда, қалалық емхананың дәрігері рентген суретінен сызат байқамады. Ал сол суретті облыстық ауруханаға көрсеткенімде, анағұрлым тәжірибелі хирург сызатты бірден байқап, гипс салып тастады. Осындай жағдай менің басымда да болуы мүмкін. Мен басқа қаланың немесе көрші Астраханның ауруханасына барып қаралғым келеді. Ал біздің облыстық ауруханада суретті қолыма бермейді. Астраханда маған қайтадан кәрi жiлiк, жамбас, тiзе және балтыр буындарын рентгенге түсіруге тура келеді. Бұл ағза үшін үлкен зиян ғой. Осыған байланысты менің бірнеше сұрағым бар:

1. Мемлекеттік ауруханалар қандай негізде (бұйрық нөмірі, қаулы, ережелер немесе нұсқаунамалар атауы) анализдердің түспнұсқаларын, рентген және УЗИ суреттерін қолға бермейді?

2. Егер мен оларды лайықты медициналық қызмет көрсетпегендері үшін сотқа берсем, ауруханада менің суретімді бөгденің суретімен ауыстырып жібермесіне кім кепіл?

3. Қайтадан рентгенге түсіп, ағзамды сәулелендірмес үшін емдеу кітапшасынан ең болмағанда суреттерімді уақытша алуыма бола ма?

«Емдеу-профилактикалық мекемелер коммуналдық-мемлекеттік қазыналық кәсіпорын боп табылатындықтан, рентген және УЗИ суреттерінің түпнұсқасы емдеу кітапшасында қалады. Әр суретте сырқат тарихы, тексерілу уақыты, науқастың аты-жөні көрсетіледі. Науқастардың қолдарына емдеу кітапшасынан рентген, УЗИ суреттерінің қорытындысы сипатталған көшірмесі беріледі», деп хабарлады бізге облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Телефон арқылы сөйлескенімізде облыстың бас терапевті Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА басқарма заңгерімен кеңескенін мойындады, сөйтсе бұған қатысты медиктердің ешқандай ресми ережелері жоқ екен. Пациенттердің қолдарына түпнұсқаларды бермеу - жылдар бойы қалыптасып қалған және медиктер үшін қолайлы тәжірибе боп шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА құжаттар қандайма болмасын тексеру кезінде ауруханаларға қажет болар деп есептейді. Комиссия диагностика қалай жүргізілгенін, қандай негізде диагноз қойылғанын, пациентке қандай ем тағайындалғанын білу үшін емдеу кітапшасын талап ете алады.

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.