
Атырауда «Жыл кәсіпкері – 2025» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов аймақтың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Әкімнің айтуынша, бүгінде Атырау облысында 68 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істеп, 2,4 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 140 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсетіліп, биылдың өзінде 12 млрд теңгеден астам қаржы көлемінде жобаларға қолдау жасалған.
Байқауға 150-ден астам өтінім түсіп, жеңімпаздар 11 номинация бойынша марапатталды. Сыйлықтарды облыс басшылығы мен мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік саласының жетекшілері табыстады.
Жеңімпаздар қатарында:
- «Үздік жас кәсіпкер» — Райымбек Тұрланбеков («Social» ЖК)
- «Үздік жас көшбасшы» — Едіге Кенжинов («EDYGE» ЖШС)
- «Отбасылық бизнес» — Құралай Жалғасбаева («Нұр-Ай» кемпингі)
- «Сауда саласының үздігі» — Айнур Буралкинова («Infinity Mall»)
- «Қызмет саласының үздігі» — Рүстем Қабдол («MM Project» ЖШС)
- «Үздік өндіруші» — Этибар Маммадов («Касхим» ЖШС)
- «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» — Гүлзираш Бақтыгерей («Тілашар» ЖК)
- «Үздік кәсіпкер әйел» — Сандуғаш Жармұхамбетова («Сандуғаш» ШҚ)
- «Бизнестану – Әлия» — Бибігүл Жұбаева (ЖК)
- «Үздік жұмыс беруші» — Қайрат Карчигин («Ярмарка» сауда желісі)
Ал басты марапат — «Жыл кәсіпкері – 2025» атағы өңір экономикасына айрықша үлес қосып жүрген «TEXOL Group» ЖШС басшысы Шота Абхазаваға берілді.
В Атырау -2 







