Атырау, 20 қараша 22:16
 дождьВ Атырау +7.8
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

Атырау облысының фермері Сейтжан Балжиғитов «Құрмет» орденімен марапатталды

133 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Атырау облысындағы «Достан Ата» шаруа қожалығының басшысы Сейтжан БАЛЖИҒИТОВ «Құрмет» орденімен марапатталды. Тиісті жарлыққа 20 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттік наградалар елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында Ақтөбе облысындағы «Айс-плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов, Қостанай облысындағы «Бижан» шаруа қожалығының басшысы Қайырбай Мақатов және Алматы облысындағы «Агро Балтабай» ЖШС-нің малшысы Ислам Хуршудов бар.

Батыс Қазақстан облысындағы «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы Бийбыт Асанов пен Қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Бақыт Нұртазаев «Парасат» орденімен марапатталды.

Ресейдің «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы Александр Рудаков II дәрежелі «Достық» орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінен келген жылқышылар, механизаторлар, малшылар және ауыл шаруашылығының басқа да қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аграрлық кәсіпорындардың төрт басшысына «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Бүгін, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.