Атырау, 20 қараша 16:15
 дождьВ Атырау +9
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

Атырауда абаттандыру ережелерін бұзғандар камераға түсіп қалды

28 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Атырауда бейнебақылау камералары абаттандыру ережелерін бұзу деректерін тіркеді. Полиция назарына ғимараттың жанына көлік шиналарын үйіп қойған шиномонтаж шеберханасының иесі мен темекі тұқылын жерге тастаған ер адам ілікті.

17 қараша күні сағат 11:40 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінде Жедел басқару орталығының қызметкерлері шиномонтаж шеберханасының иесі пайдаланылған көлік шиналарын ғимараттың кіреберісіне жинап қойғанын байқаған. Бұл әрекет абаттандыру ережелерін бұзу болып саналады.

Тағы бір құқық бұзушы сағат 10:35 шамасында «Вокзал маңы» аялдамасында анықталды. Ер адам темекісін шегіп болған соң, тұқылын жерге тастаған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қоғамдық орындардағы жағдай бейнебақылау камералары арқылы тұрақты түрде бақыланатынын атап өтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Атырау облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 5 500-ден астам дерегі тіркелген.

Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарын тазалық сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоғамдық орындарды ластамауға шақырды.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.