
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда емханалар қызметкерлерінің жалақысы өседі. Жалақыға учаскелік дәрігерлер, медбикелер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысына үстеме қосылады. Тиісті түзетулер жобасын Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.
Өзгерістер алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты болады. Жаңа төлемдердің мөлшері үздіксіз еңбек өтілі мен жұмыс жүктемесінің деңгейіне байланысты белгіленеді.
Кімге және қанша мөлшерде үстемеақы төленеді:
1. МСАК саласындағы үздіксіз еңбек өтілі үшін төленетін үстемеақы (лауазымдық жалақыдан есептеледі):
2 жылдан астам еңбек өтілі болса — 20%;
3 жылдан астам еңбек өтілі болса — 30%;
5 жылдан астам еңбек өтілі болса — 50%.
Үстемеақы учаскелік терапевтерге, педиатрларға және жалпы практика дәрігерлеріне төленеді. Орта медицина персоналының ішінен оны учаскелік, патронаждық және мектеп медбикелері, жалпы практика медбикелері, фельдшерлер мен акушерлер алады.
2. Психоэмоциялық және физикалық жүктеме үшін төленетін үстемеақы (базалық лауазымдық айлықақыдан есептеледі):
Емхана психологтарына — БЛА-ның 300%-ы;
Халықты сүйемелдеуге қатысатын әлеуметтік қызметкерлерге — БЛА-ның 200%-ы.
Құжат жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін жалғасады.
В Атырау +6.7