Атырау, 19 қараша 22:24
 дождьВ Атырау +7.2
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Атырауда су құбыры жөнделуіне байланысты су беру уақытша тоқтатылады

29 рет қаралды

Салқын су беру уақытша тоқтатылатыны туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлайды.

Элеваторная көшесі (Құттытай батыр көшесі) ауданындағы диаметрі 600 мм су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрғын үйлерге, заңды тұлғалардың нысандарына және басқа да объектілерге салқын су беру тоқтатылады:

  • Құттығай батыр көшесі (Элеваторная көшесі);

  • 3-Қабдолов даңғылы;

  • Химпоселок кенті;

  • Түзету мектеп-интернаты;

  • М. Әуезов атындағы №7 мектеп;

  • Қара депо ауданы;

  • Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы;

  • Атамбаев көшесі, №12, 12г, 12е, 12к, 12д, 16, 14/2.

Бүгін, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.