Атырау, 19 қараша 22:10
 дождьВ Атырау +7.2
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Ақтөбелік студент 10 миллион теңгесін интернет-алаяқтарға аударды

20 рет қаралды
ChatGPT көмегімен жасалған сурет
ChatGPT көмегімен жасалған сурет

Ақтөбеде екінші курс студенті оқу ақысын төлеу үшін жинаған 10 миллион теңгеге жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген. Ішкі істер министрлігі «SIM-картаның мерзімін ұзарту» деген сылтаумен жасалатын алаяқтықтың жаңа толқыны туралы ескертті.

Алаяқтар қызға ұялы байланыс операторы мен банк қызметкерлері болып хабарласқан. Алдымен олар SIM-картаның қолданылу мерзімі аяқталуға жақын екенін айтқан. Кейін студентті оның атына несие рәсімдеуге әрекет жасалып жатқаны туралы хабарлап, қорқытқан. Жинаған ақшасын «сақтап қалу» үшін телефон соққандар қызды қаражатын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.

«Алаяқтарға сенген студент депозитіндегі ақшаны шешіп алған. Ол қаражатты белгілі бір уақыт бойы оқу ақысын төлеу үшін жинаған. Қыз қаскөйлер көрсеткен шотқа шамамен 10 миллион теңге аударған. Ақшаны аударғаннан кейін ғана өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген», — деп хабарлады ІІМ.

Полиция қазақстандықтарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды:

  • Банк, ұялы байланыс операторлары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрамайды. Өйткені мұндай шоттар мүлдем жоқ.

  • Телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қаржылық операция жасамау керек. Олар өздерін қаншалықты сенімді таныстырса да, олардың сөзіне сенуге болмайды.

  • Аздаған қысым көрсетіліп, жинаған ақшаңызды шұғыл аударуды талап еткен жағдайда, әңгімені бірден тоқтату қажет.

Бүгін, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.