Атырау, 19 қараша 20:14
 дождьВ Атырау +9.3
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Атырауда жол ережесін бұзған мыңнан астам адам жауапқа тартылды

127 рет қаралды
Атырау облыстық ПД бейнежазбасынан алынған кадр
Атырау облыстық ПД бейнежазбасынан алынған кадр

Атырауда бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 1 247 дерек анықтады, соның ішінде мас күйде көлік басқарған бес жүргізушіні ұстады. Қалалық полиция басқармасы 9-15 қараша аралығында өткен рейд нәтижесін қорытындылады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жеті күнде жол ережесін бұзған мына деректер тіркелді:

автомобильді алкогольдік мас күйде басқарудың 5 фактісі;

бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік жүргізуінің 6 жағдайы;

қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 12 фактісі;

жаяу жүргіншілерге басымдық бермеуге байланысты 30 ереже бұзушылық;

қоғамдық орындарда мас күйде пайда болудың 27 фактісі.

Мәселен, 14 қараша күні сағат 07:25 шамасында Мұхтар Әуезов пен Азаттық көшелерінің қиылысында инспекторлар қаланың 34 жастағы тұрғыны тізгіндеген Daewoo Matiz автомобилін тоқтатты. Сараптама әйелдің рульде жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.

Одан екі күн бұрын, 12 қараша күні сағат 23:15 шамасында Жасталап көшесінде осыған ұқсас ереже бұзғаны үшін Hyundai Elantra автомобилінің 44 жастағы жүргізушісі ұсталды.

Анықталған барлық фактілер бойынша ереже бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 66 автомобиль арнайы тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертті.

Бүгін, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.