
Атырау облысының Индербор кентіндегі «Балдәурен» балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіннің туған күнін атап өткен кезде балаларға дөрекілік көрсеткен. Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға баланың екі жасқа толған күнін атап жатқан «Солнышко» тобында болған. Тәрбиешілер ата-аналарға мерекелік видео түсіру үшін балаларды туған күн иесінің айналасына жинай бастайды. Осы сәтте тәрбиешілердің бірі баланы үстелге қарай дөрекі түрде тартып қалады, ал екінші баланы арқасынан ұрып жібереді.
«Ақ Жайық» басылымы бұл жағдайға қатысты Атырау облыстық білім беру басқармасына және Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваға хабарласып көрді.
Білім бөлімі бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Оның нәтижелері қосымша хабарланады деп уәде берді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2.9