Атырау, 18 қараша 17:23
 дождьВ Атырау +3.4
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38

​Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы 17 өрт оқиғасы болды

29 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Жиһаз қоймасындағы өрт / ТЖД видеосынан алынған стоп-кадр

Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы бері 17 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға аз — былтыр осы уақытта 27 өрт оқиғасы орын алған еді.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Райымбек Жонбай брифингте мәлімдеді.

Тіркелген өрт салдарынан екі адам түрлі жарақат алды. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өрт кезінде 10 адамды, оның ішінде төрт баланы аман алып қалды.

Мамандардың айтуынша, тілсіз жаудың шығуына көбіне мына себептер түрткі болады:

  • Электр сымдарының қысқа тұйықталуы;

  • Пештер мен қазандықтарды орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы;

  • Отты абайсыз пайдалану.

Жылыту маусымында әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігіне де баса назар аударылып отыр. Арнайы тізімге енгізілген 1 333 тұрғын үйде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 130 үйге улы газ бен түтінді анықтайтын дабылқаққыш орнатылды. Жыл соңына дейін бұл санаттағы үйлерді толық қамту жоспарланған.

- Өрт қауіпсіздігі – әрбір тұрғынның өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Әсіресе қыс мезгілінде пештер мен қазандықтардың жарамдылығын тексеріп, электр сымдарының жағдайына назар аудару қажет. Түтін мұржаларын уақытылы тазалап, газ бен түтін дабылқаққыштарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау маңызды, – деді Райымбек Жонбай.
Бүгін, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.