
19 қарашада Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Мақат ауданына барып, халықпен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды.
Тұрғындармен кездесу сағат 10:00-де Мақат кентіндегі аудандық Мәдениет үйінде өтеді.
Сағат 12:00-де өңір басшысы азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің халықпен кездесуі Мақат ауданы әкімдігінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпаратты 8 (71239) 3-01-83 телефоны арқылы алуға болады.
В Атырау +3.4