Атырау, 18 қараша 17:03
 дождьВ Атырау +3.4
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38

ШҚО-да мұғалімін балағаттаған 17 жастағы оқушыға айыппұл салынды

12 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы оқушы сабақ кезінде сынып жетекшісіне балағат сөздер айтқаны үшін 30 275 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

ШҚО соттарының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 19 қазанда Марқакөл ауданында болған.

Сот анықтағандай, жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланды.

Сот отырысында оқушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, мұғалімнен кешірім сұраған.

Жаза тағайындау кезінде сот жасөспірімнің жасын, кінәсін мойындауын, өкінуін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза қолдану ерекшеліктерін ескерді.

Сот шешімімен оқушыға 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бүгін, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.