
17 қарашада Атыраудағы «Жайық» BINOM мектебінде өртке қарсы оқу-жаттығу кезінде кептеліс орын алды. Бірнеше оқушы дене жарақатын алды.
Ата-аналардың айтуынша, жаттығу алдында балаларға сыртқы киімдерін алу ескертілген, алайда оқушылардың бір бөлігі киім ілетін орынға қарай ұмтылған. Ол жерде адам көп жиналып қалды. Жарақат алған ұлдардың бірі мектептің медпунктіне жеткізіліп, оған алғашқы көмек көрсетілді.
«Оқу-жаттығу кезінде шыға берісте оқушылар жиналып қалып, салдарынан бірнеше бала топ ішінде қысылып қалды. Кейбіреулері жарақат алған. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді, ата-аналарға жеке хабарланды. Қазір балалардың жағдайы тұрақты», — деп хабарлады мектеп әкімшілігінен.
Зардап шеккендердің нақты саны айтылмады. BINOM басшылығы ата-аналардан кешірім сұрап, эвакуациялау жоспарын қайта қарауға уәде берді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3.4