Атырау, 18 қараша 17:03
 дождьВ Атырау +3.4
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38

Қарағандыдағы сауда үйінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

15 рет қаралды

Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы қарастырылып жатыр.

ekaraganda.kz сайтының Қарағанды облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 16 қарашада болған.

Сауда үйінің қызметкерлерінің айтуынша, ер адам ғимараттың екінші қабатынан шамамен сағат 18:00-де табылған. Жұмысшылар ана мен бала бөлмесінің біріне кіре алмай, күзет қызметінен көмек сұраған.

Оқиға орнына келген қызметкерлер ер адамның өмір белгілерінсіз жатқанын анықтаған.

Сауда үйінің қызметкерлері сондай-ақ оқиғаға дейін бірнеше күн бойы ер адамды ғимараттан көргендерін айтқан. Олардың сөзінше, күзет қызметі одан сауда нысанынан кетуін бірнеше рет талап еткен.

Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Өлімнің нақты себебі тергеу нәтижесі бойынша белгілі болады.

Бүгін, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.