Атырау, 19 қараша 22:04
 дождьВ Атырау +7.2
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Айболат Жисовтың өлімі: кәсіпкердің көршісі күдікті ретінде ұсталды

16 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Helios компаниясы Ақтөбе филиалының директоры Айболат Жисовтың қайтыс болғанын хабарлады. БАҚ мәліметінше, ол 16 қарашада өз үйінде қарулы шабуылдың құрбаны болған. Кісі өлтіруге күдікті ұсталды.

Бұған дейін қаза тапқан кәсіпкердің аты-жөні мен өзі басқарған компанияның атауы БАҚ-та бейресми түрде жарияланған болатын. Бүгін Helios компаниясының ұжымы Айболат Жисовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Айболат Тұбасұлы мықты әрі дарынды басшы, нағыз кәсіби маман, ақкөңіл, жанашыр және жігерлі адам еді. Өз ісіне адалдығы, өмірге құштарлығы мен адамдарға деген шынайы ықыласы әріптестерінің арасында зор құрметке бөледі», — делінген компания хабарламасында.

Helios компаниясы басшысының қазасын бүкіл ұжым үшін орны толмас қайғы деп атады.

Кісі өлтіру оқиғасы туралы не белгілі?

Еске салайық, 16 қараша күні таңертең Ақтөбеде кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалған. Бизнесменнің үйіне бетперде киген ер адам басып кірген. Үй иесі оқ жарақатынан қаза тапқан.

18 қарашада күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. Басылым мәліметінше, ол марқұмның көршісі болып шыққан.

Қылмыстың себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

КТК арнасының хабарлауынша, марқұм Айболат Жисов 49 жаста болған. Күдікті кісі өлтіруден екі тәулік өткен соң ұсталған. Телеарна мәліметінше, ол марқұмның үйінен бірнеше метр қашықтықта тұрған және өз үйінен табылған.

Қылмысты тергеуге Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының жедел қызметкерлері тартылған.

Полиция ұсталған азаматтың Ақтөбе қаласының тұрғыны екенін және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын ресми түрде растады.

Бүгін, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.