Атырау, 19 қараша 22:10
 дождьВ Атырау +7.2
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Құтқарушылар Арқалықта мұзға батып бара жатқан аққуды құтқарды

13 рет қаралды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Арқалық қаласында аққуға көмек көрсету үшін құтқарушылар мұз қата бастаған су айдынына шығуға мәжбүр болды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құсты орталық саябақ маңындағы су айдынынан байқаған.

ТЖМ қызметкерлері жүзу құралының көмегімен аққуға жақындап, оны абайлап судан шығарып, жағаға жеткізген.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарылған құс жергілікті тұрғынға тапсырылған. Ол көктем келгенге дейін аққуға күтім жасап, оны асырайды.

Бүгін, 22:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.