Атырау, 19 қараша 22:04
 дождьВ Атырау +7.2
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40

Ташкент тасжолындағы трагедия: бензовоз аударылып, өрт шықты

19 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Шымкент қаласындағы Ташкент тасжолында бензин таситын көлік аударылып, өртеніп кетті. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Өрт көлікті және жолға төгілген жанармайды шарпыған.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қарашада қаланың Тұран ауданында болған.

Өрт туралы хабар 112 қызметінің пультіне сағат 15:58-де түскен. Оқиға орнына шақырту деңгейі жоғары өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде аударылған бензин таситын көлік толығымен отқа оранған. Сонымен қатар жолдың жүру бөлігіне төгілген жанармай да тұтанған.

Өрт 60 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Өртенген көліктің кабинасынан құтқарушылар ер адамның мәйітін тапты.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Бүгін, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.