
Атырауда бір топ оқушы көшеден ішінен 300 мың теңгеге жуық ақша салынған әмиян тауып алып, оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Балалар сол аумақта кезекшілік атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жақындап, тапқан заттары туралы айтып, әмиян иесін іздеп табуға көмектесуді сұраған.
Патрульдік полиция қызметкерлері әмиян иесінің кім екенін жедел анықтап, жоғалған ақшасын түгелімен қоса өзіне қайтарып берді.
В Атырау +6.7