
BBC Travel нұсқасы бойынша Алматы 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді. Қазақстан қаласы британдық басылымның тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз өкіл болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
BBC Travel Алматыға туристерді не қызықтыруы мүмкін екенін атап өтті. Басты себептердің қатарында заманауи өнер, ұлттық асхана, қазақ қолөнері мен таулар бар.
Басылым Алматы өнер музейіне (Almaty Museum of Arts) және «Целинный» заманауи мәдениет орталығына ерекше назар аударған. Қала әкімдігінің мәліметінше, музей 2025 жылдың қыркүйегінде ашылған, ал «Целинный» қайта жаңғыртудан кейін бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан.
BBC Travel нұсқасы бойынша, Алматыға келудің тағы бір себебі — дәстүрлі музыка заманауи өңдеуде орындалатын The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі. Әкімдіктің дерегінше, 2026 жылдың маусымында өткен шараға шамамен 50 мың көрермен жиналған.
Қазақ асханасы да назардан тыс қалмаған. Британдық басылым туристерге Медеу шатқалындағы Auyl мейрамханасына баруға кеңес береді. Авторлар ерекше атап өткен тағамдардың қатарында жылқы етінен жасалған тартар мен шелпек қосылған сүйек майы бар.
BBC Travel Алматының әуе қатынасын кеңейту жоспарлары туралы да жазды. Атап айтқанда, 2027 жылы Гонконгтан тікелей рейстер ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар басылым Нью-Йорк және Әбу-Дабимен әуе қатынасын жолға қою мүмкіндіктерін де атап өткен.
Саяхаттауға арналған үздік бағыттар тізіміне Франциядағы Бургундия, Италиядағы Сардиния, Канаданың Альберта провинциясы және Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласы да енді.
BBC Travel атап өткендей, тізімді жасау кезінде туристер үшін бағыттың қаншалықты қызықты екені ғана емес, саяхаттың жергілікті тұрғындарға, мәдениет пен табиғатқа тигізетін пайдасы да ескерілген.
В Атырау +9