Атырау, 20 қараша 15:09
 дождьВ Атырау +6.7
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

Тоқылған бас киімнің қайғылы салдары: әлемге әйгілі Фиона бегемоттың өмірі үзілді

64 рет қаралды
NurPhoto via Getty Images
NurPhoto via Getty Images

АҚШ-тағы Цинциннати хайуанаттар бағында әлемге әйгілі әрі әлеуметтік желілердің жұлдызына айналған Фиона есімді бегемот өлді. Оның өліміне келушілердің біріне тиесілі тоқылған бас киім себеп болған. Кездейсоқ қоршауға түсіп кеткен бас киімді жануар жұтып қойған, деп хабарлайды Би-би-си.

Оқиға қайғылы жағдайдан он күн бұрын болған. Хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Мишель Кёрлидің айтуынша, келушілердің бірі бас киімін жоғары қарай лақтырған. Ол төбедегі желдеткішке тиіп, желдеткіштің әсерінен қоршау мен төбенің арасындағы тар саңылау арқылы бегемоттың қоршауына түсіп кеткен.

Бірнеше күннен кейін Фионаның тәбеті жоғалған. УДЗ тексерісі бөгде заттың жіңішке ішекке тұрып қалғанын көрсетті. Ересек бегемотқа құрсақ қуысына операция жасау техникалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан, ветеринарлар бас киімді ағзадан табиғи жолмен шығаруға тырысқан. Ол үшін жануарға тамақ беріп, тіпті жергілікті ат қорасынан уақытша алынған арнайы діріл платформасына да қойған. Алайда Фионаны аман алып қалу мүмкін болмады. Бейсенбі күні хайуанаттар бағының басшылығы оның өлгенін хабарлады.

Фиона 2017 жылдың қаңтарында бүкіл әлемге танылды. Ол шала туылып, салмағы небәрі 13 келі болған — бұл қалыпты көрсеткіштен үш есе аз еді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері әлеуметтік желілерде кішкентай бегемоттың өмір үшін күресін, жүзуді үйренуін және өсуін егжей-тегжейлі баяндап отырды. Көп ұзамай Фиона қаланың символына айналды: оның құрметіне балмұздақтың бір түрі аталып, бейнесі жергілікті балет труппасының «Щелкунчик» қойылымына енгізілді.

Фиона небәрі тоғыз жаста еді. Ал бегемоттар тұтқында әдетте 50 жылға дейін өмір сүреді. Цинциннати мэрі Афтаб Пуревал Фионаны «төзімділік пен қуаныштың символы» деп атап, оның өліміне байланысты қала тұрғындарының қайғырып отырғанын жеткізді.

Бүгін, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.