Атырау, 19 желтоқсан 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Қазақстанда 1 млн тоннадан астам ет өндірілді​

88 рет қаралды
Сурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мал шаруашылығы саласында басым бағыттар бойынша нәтиже жоғары және тұрақты өсім бар. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Ірі қара мал саны 2,7%-ға артып, 8,3 млн басқа жетті. Бұл ретте төл саны 2,8 млн бұзауды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсті. Жылқы саны 6,9%-ға көбейіп, 4,4 млн басқа жетті, төл саны — 1 млн құлын (өсім 8,8%). Түйе саны 6,3%-ға артып, 300 мың басты құрады, ал төл саны 53,8 мың ботаға жетіп, 5,9%-ға өсті.

Құс саны 8,8%-ға артып, 48,5 млн басқа жетті. Қой саны өткен жылғы деңгейде сақталып, 19,6 млн басты құрады, қозы саны 7,7 млн жетіп, 5%-ға өсті.

Есепті кезеңде ел бойынша еттің барлық түрінен 1 021,6 мың тонна өнім өндірілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3%-ға жоғары. Атап айтқанда, сиыр еті — 358,8 мың тонна (2024 жылы — 351,4 мың тонна), қой еті — 111,8 мың тонна (109,1 мың тонна), жылқы еті — 146,8 мың тонна (140 мың тонна), құс еті — 337,1 мың тонна (326,3 мың тонна) және басқа да өнімдер өндірілді.

Мал шаруашылығының өзге де өнімдері бойынша жетістік бар. Сүт өндірісінің көлемі 3 491 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты (3 324 мың тонна). Жұмыртқа өндірісі 4 156,7 млн данаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өсті (4 097 млн дана).

Мал шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады, ал өндірілген өнімнің ақшалай көлемі 3,3 трлн теңгеге жетті. Бұл тұрақты дамудың және ел экономикасына үлестің жарқын көрсеткіші.

Бүгін, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.