Атырау, 27 желтоқсан 02:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Міндетті түрде түбіртек сұраңыз

5 548 просмотра

– Наурызда қала дүкендерінің бірінен 13 000 теңгеге туфли сатып алған едім. Маған чек берген жоқ. Туфлиді тек сәуірде ғана кидім, өйткені оған дейін күн салқын болған еді. Бір апта өтпей туфлиім жыртыла бастады. Мен оны дүкенге апарып едім, ондағылар қабылдамады. Тіпті дүкен қожайынының есімін атағылары да келмеді. Талабымды кімге қоярымды білмей жүрмін...

Оксана

Сұраққа Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының кеңесшісі Валентин РОТЕНБЕРГ комментарий берді:

– Мұндай жағдайда ең бастысы – чекті сақтау керек. Әдетте, сатып алушылар ағаттықпен тауар чегінің жоқтығына назар аудармайды. Бұл жағдайда оқырман ең негізгі қателікті жіберіп, түбіртегін алмаған. Бұл лайықты емес сападағы тауарды  қайтару процедурасын қиындатуы мүмкін. Дегенмен, тырысып көру керек. Талап ету хатын жазу үшін қожайынның мәліметтерін білу міндетті емес. Дүкеннің мекен-жайы мен атауын көрсеткен жеткілікті. Егер оны жорта қабылдамаса, пошталық қызметті пайдалануға болады. Пошта арқылы жіберген кезде тіркелген құжаттардың тізімін жазған жөн. Талап ету – бұл жағдайды қысқаша сипаттау, орын алған жағдайдың уақыты мен себебі және ерікті түрде жарамсыз тауар үшін төленген соманы қайтару жөніндегі өтініш. Олай етпеген жағдайда тұтынушының сотқа жүгінуге құқығы бар. Сондай-ақ, қарау мерзімін бекіту қажет. Әдетте, бұған 10 күн жеткілікті. Ал пошта түбіртегін сақтап қойған жөн. Әрі қарай оның әрекетіне қарай заңда бекітілген тәртіппен сотқа жүгінуге болады. Еске салғым келеді – егер сізге чекті бермесе, осы дүкеннен зат сатып алмаған жөн. Бұл менің өз кеңесім.

11 мамыр 2011, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.