
Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бірнеше баласы белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Балалардың уланғаны жөніндегі ақпарат алғаш рет әлеуметтік желіде тарады. Кейбір деректерде оқиға газдан уланумен байланысты болуы мүмкін екені айтылған. Аталған жайтқа байланысты Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 112 жедел қызметіне улану туралы хабарлама түскенін растады.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, зардап шеккен балалар қазір дәрігерлердің бақылауында. Медициналық қызметкерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Ал Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Балалардың нақты қандай заттан уланғаны анықталу үстінде, қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
В Атырау -2