Атырау, 26 желтоқсан 00:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кері талап қоя аласыз

3 786 просмотра

- «Мерседес» және «Ниссан» екі автокөлігі соғысқан кезде, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен  «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі болып шықты. Оның үстіне қолында машинаны жүргізуге құқық беретін сенімхаты жоқ. ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3 – бөлімдері бойынша (зардап шегуші орташа ауырлықтағы жарақат алды) кінәлінің үстінен қозғалған іс екі тараптың ымыраласуына байланысты тоқтатылды.

Кейін зардап шегуші тарап көлік қожайынын оның өзінің келісімі бойынша жарты миллиондай көлемде келтірілген материалдық шығынды өтеу талабымен сотқа берді. Мұндай соманы көлікке қажетті қосалқы бөлшектермен жасалатын қайта қалпына келтіру жұмыстарының құнын тәуелсіз бағалау орталығы шығарып берді.

Талапкер өз талабын ҚР  АК 931-бабына сәйкесті қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті деп дәлелдеп отыр. Демек, машина жауапкердің меншігі болып табылса, онда келтірілген зиянды сол төлеуге тиісті.

Жауапкер мұнымен келіспеді және талап арызды кері қайтарып алу шағымында осыған ұқсас 1994 жылғы «Ниссан» көлігінің нарықтағы орташа құны 250-ден 290 мың теңгеге дейін екендігін жазған және шағымға автокөліктерді сату жөніндегі газет хабарландыруын жалғап қойған. Сондай-ақ, ҚР АК-нің «Зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты адамды келтірген зиянды толық өтеуге  немесе оны заттай өтеуге міндеттейді» делінген 934-бабына сілтеме жасай кеткен. Қарапайым тілмен айтар болсақ, жарты миллионға сол жылы шыққан басқа бір «Ниссан» көлігін сатып алуға болады және тіпті, ақша да қалады. Алайда, сот толығымен талапкер арызын қанағаттандырды.

Өзінің апелляциялық шағымында жеңіліп қалған тарап, сотқа ЖКО-на кінәліні іс бойынша қосалқы жауапкер ретінде шақыру туралы өтініш хат жолдағандығын атап өтті. Бірақ өтініш хат қабылданған жоқ. Барлық жоғары тұрған сот инстанциялары бірінші сот инстанциясының шешімін қолдады.

Автокөлік иесі жол-көлік оқиғасына кінәліні қосалқы жауапкер ретінде іске шақыра ала ма?

Бұл жағдайға «Слово Защиты» адвокаттар кеңсесінің адвокаты  Татьяна МОХНАЧЁВА түсінік береді: «Бұл жағдайда жауапкер ЖКО-на кінәліні қосалқы жауапкер ретінде тарту жөніндегі өтініш хатты жолдауға құқылы болады. Алайда, сот заңды негізде оның өтініш хатын қабылдамады, өйткені, жауапкер ЖКО-на кінәліден оның көлікті жүргізуге сенім хаты болмағандықтан келтірілген зиянды өндіріп алуды талап етуге құқылы емес. Бұдан басқа, талапкерге жауапкер ретінде келтірілген зиянды өтеуді талап ете алатындай тұлғаны тартудың айрықша құзыреті болды. Және заңды негізде солай жасады да. Бұл талап арыз бойынша жауапкер қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілікпен байланысты транспорт құралының иесі болып табылады және осыған байланысты «Мерседес» автокөлігінің иесі жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

ҚР Азаматтық кодексінің 931-бабына сәйкесті, зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзыреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Осыған байланысты сот талапкердің ЖКО салдарынан келтірілген зиянды транспорт құралының иесі, яғни сіздің өтеуіңіз жөніндегі талап арызын заңды түрде қанағаттандырды.

Айта кету керек,  Сіз Азаматтық кодекстің 933-бабына сәйкесті ЖКО кінәліден зиянды өтеуді, яғни, сіздің көлігіңізді жүргізуші тұлғадан талапкерге сіз төлеген төлем мөлшерін кері талап қою арқылы талап ете аласыз. Ол үшін сотқа тиісті талап арыз бересіз, соған байланысты сот нақты шешім шығарады».

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.