Атырау, 10 қазан 15:26
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Шатақтан аулақ жүрсең, шартты мерзімге ілінесің

2 062 просмотра

- 25 жылға бас бостандығынан айырылған және жазасын  қатаң режимді колонияда өтеуге сотталған адам ұстау талаптарын өзгерту туралы өтінішті неше жылдан соң бере алады (колония-қоныстану немесе шартты-мерзімді босату) және оның қандай тәртіптері бар?

Телефон арқылы

Адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТЫҢ айтуынша,  заңнамада жазаны өтеуден шартты-мерзімді босатудың болуы сотталғандар үшін түзелуге маңызды стимул болып табылады.

Сауалда көрсетілгендей, егер адам 25 жылға, яғни, аса ауыр қылмысы үшін  сотталған болса, онда бұл жағдайда үкімнің қашан шыққандығын анықтау керек, яғни, ҚР ҚК 5-бабына сәйкес, шартты-мерзімді босатуды қабылдау немесе қабылдамау мүмкіндігі туралы мәселе қылмыс орын алған сәттегі қолданыстағы заңға сәйкес шешілуі тиісті.

Бүгінгі күні аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған тұлғалар шартты-мерзімді босату құқығына ие бола алады. Егер олар тағайындалған мерзімнің үштен екі бөлігінен кем емес мерзімін өтеген болса, яғни, бұл жағдайда 16 жыл, 6 ай, онда шартты-мерзімді босату құқығына ие болады. Сондай-ақ бұл тұрғыда қылмыстық заңнамалар оның тәртібіне, еңбекке деген адал қарым-қатынасы,  келтірілген залалды өтеу шараларын алу, бұдан басқа сот тұлғаға толық жазаны өтеудің қажеттілігі жоқ екендігін тануы қажет. Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғалар үшін мерзімінен бұрын-шартты босату жаза мерзімінің кемінде үштен бір бөлігін өтегеннен кейін; ауыр қылмыс жасағандар үшін жаза мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.  

Енді оның тәртібіне тоқтала кетейік. Жазаны өтеу орынында айына кем дегенде екі рет арнаулы комиссия мерзімінен бұрын-шартты босату туралы мәселені  қарайды. Комиссия сотталушының жазаны өтеу  барысындағы барлық жағдайын қаперге алатын болады, оның ішінде айыпкердің тәртіптік жаза алғандығы, оның тәртібінің мінсіз болғандығы, шығынның өтелуі бойынша шаралар алынғандығы және сотталған адамның жазасын толық өтеуге мұқтаждығы ескеріледі. Комиссияның кез-келген шешімін бақылаушы орган - прокуратура тексереді. Ал, мерзімінен бұрын-шартты босатуды белгілеу немесе одан бар тарту туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

18 тамыз 2011, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.