Атырау, 19 желтоқсан 19:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қазақстанның автожол саласында маңызды реформалар енгізілді

82 рет қаралды

Қазақстанда биыл автожол саласын дамытуға бағытталған бірқатар заңнамалық және нормативтік өзгерістер қабылданды. Олар жол құрылысы мен күтіп-ұстау сапасын арттыруға, нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейтуге және жол пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы заңнамалық тұрғыда бекітіліп, барлық материалдар мен технологиялар туралы деректер орталықтандырылған жүйеде жинақталатын болды.

Техникалық және авторлық қадағалау жауапкершілігі күшейтіліп, енді ұйымдарда білікті мамандардың болуы міндеттелді. Қадағалаушылар мемлекеттік функцияларды атқарушыларға теңестірілді.

Ақылы жолдарда жүргізушілердің құқықтары қорғалды: егер жолда ақаулар анықталса, төлемдер кемшіліктер жойылғанға дейін алынбайды.

Жөндеу мерзімдері нақты бекітілді – жол санаты, қозғалыс қарқындылығы және климаттық жағдайлар ескеріліп, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу кезеңділігі белгіленді.

Мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі енгізілді: әр үш жыл сайын кемінде 40 сағат оқудан өту міндеттелді, ал басшылар тағайындалғаннан кейін алты ай ішінде күндізгі оқу форматында білімін жетілдіруі тиіс.

Жалпы қабылданған шаралар автожол саласын стандарттау, цифрландыру және сапаны бақылауды күшейту арқылы жаңа басқару моделін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгін, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.