Атырау, 30 желтоқсан 21:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Зейнетақым дұрыс есептелген бе?

2 225 просмотра

- Мен 1944 жылдан 1988 жылға дейін  колхозда мал бақтым.  Кейін  мал шаруашылығындағы еңбегім үшін  45 жылдық  еңбек өтіліммен зейнеткерлікке шықтым.  Жалақым ол кезде 352, 35 сом. Маған  тағайындалған 14 646 теңге  зейнетақымды дұрыс есептелмеген деп санаймын. Оны қалай анықтауыма болады? Өтінемін.

М. Унгаралиев

СауалғаЗейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Атырау облыстық филиалының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді:

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-шы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының талабына сәйкес, Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын уәкілетті мемлекеттік орган - Атырау облыстық Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті болып саналады.         

Зейнетақы әр зейнеткерге жеке-жеке уәкілетті органның шешімі бойынша тағайындалады және әр зейнеткерге жеке іс-құжат жасақталады. Сондықтан да, Сіз зейнетақыңыздың қалай тағайындалғандығын нақты анықтау үшін жазбаша арызбен жоғарыда аталған Департаментке хабарласып білуіңіз қажет. Департаменттің зейнетақы тағайындаған шешімімен келіспесеңіз, Заң талабына сәйкес, сотқа шағымдануға құқыңыз бар. 

6 қазан 2011, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.